Грек корольдік отбасының "жалғыз" ханзадасы қайтыс болды
Kathimerini басылымы жазғандай, Михаил сонымен бірге Грекия азаматтығы бар корольдік отбасының жалғыз мүшесі болды, Афина муниципалитетінің санағында ол "Мишель Де Грес" ретінде тіркелген.
Ол әкесінен бір жасында айрылған. Марокко мен Испанияда ер жетіп, Францияда білім алған. Осыған қарамастан, ол Грекия мен оның тарихын ерекше құрметтеген.
Басылымның хабарлауынша, Михаил Грецияға өзінің әскери міндеттерін орындауға келіп, осы жерді ұзақ уақыт бойы мекендеді. Тек өмірінің соңғы жылдарын ғана "Туған жер мен шетел арасында" өткізген.
Сондай-ақ, ол жоғары шығу тегіне қарамастан, өзін жазушы ретінде қалыптастырып, халықаралық беделдерге қол жеткізген. Грек корольдік отбасының жалғыз ханзадасы ондаған бестселлер романдардың авторы.
Бұған дейін Мемлекет басшысы академик, белгілі түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдағаны хабарланған болатын.