Жаңалықтар тізбегі
0

Магомед Адиев "Ахматпен" жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті

Магомед Адиев "Ахматпен" жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2024 13:40 Сурет: fc-akhmat.ru
Қазақстандық жасақтың бұрынғы тәлімгері, қазіргі "Ахмат" клубының бас бапкері Магомед Адиев Премьер-лигадағы екі тең ойыннан кейін Ресей футболының жаңа маусымында дебюттік табысқа қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Грозныйда Адиевтің шәкірттері Ресей Кубогының бірінші турының ойындары аясында Нижний Новгородтық "Пари НН" құрамасын 4:1есебімен ойсырата жеңді.


"Ахмат" ФК баспасөз қызметінің ақпаратынша, құраманы жеңіске жетелеген Бернард Бериша (дубль), Гамид Агаларов (пенальти) және Антон Швец болды.

"Бізде белгілі бір қиындықтар болды, тактикалық тұрғыдан өзгерістер енгіздік, жаңа парақтан ойнадық десек те болады. Өткен ойыннан кейін жаттығу күндерін ұйымдастырмадық. Кейбір ойларымыз іске аспады. Жаңадан келген жігіттермен ұзақ келіссөздер жүргіздік. Олардың да командаға сіңіп кетуі үшін уақыт керек. Бірінші ойын үшін жақсы өнер көрсетіп шықты. Кубок ойындарына басты назарды салып отырмыз. Әзірге маусымның үшінші ойыны ғана, ойыншылар әлі қарқын алған жоқ". Магомед Адиев

Бұл кезеңде қазақстандық жанкүйерлер еліміздің шабуылшысы Максим Самородовтың "Ахмат" құрамына кіруін тағатсыздана күтуде. 

Егер бұл ой іске асатын болса құрама қазақстандық тараптан да сөзсіз көптеген жанкүйер жинайтыны анық. 

13 шілдеде УЕФА рейтингті жаңартты: Қазақстан командалары нешінші орынға тұрақтады. Бұл тізімде 8 қазақстандық команда да бар, бірақ олар үздік еуропалық командалардың көлеңкесіне де жақындай алмайды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: