Дональд Трамп Илон Маскқа сұхбат береді

Дональд Трамп Илон Маскқа сұхбат береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 10:12 Сурет: Instagram/realdonaldtrump
Республикалық партияның АҚШ президенттігіне кандидаты Дональд Трамп 12 тамызда Илон Маскқа сұхбат беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тасстың ақпаратынша, Дональд Трамп 5 тамызда стример Эдин Россқа берген сұхбатының арқасында Kick сайты рекордты қаралым санын жаңартты деп мәлімдеді. Шамасы, ол бұл жетістікті келесі сұхбатында да қайталайды.

"Дүйсенбі күні кешке мен Илон Маскпен үлкен сұхбат құрамын", – деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Трамп пен Масктың сұхбат форматы туралы ақпарат әлі белгісіз.

Бұған дейін Трамптың жақтастары Байденнің сайлауалды штабына жиналған қаражатын Камала Харриске аударуына түбегейлі қарсы екені хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: