Бес жасар ресейлік қыз пышақ лақтыру бойынша рекорд орнатты

Бес жасар ресейлік қыз пышақ лақтыру бойынша рекорд орнатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2024 14:09 Сурет: VK/samregion_press
Ресейдің Самара облысында жақында дене шынықтыру күні өтті. Іс-шара барысында бес жасар қыз пышақ лақтыру бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жетістік облыс губернаторының баспасөз қызметінің хабарламасынан белгілі болды.

"Самарадан келген 5 жасар спортшы Любава Яковлева спорттық пышақ лақтыру бойынша Ресейдің жаңа рекордын орнатты. Қыз 5 минут ішінде 2 метр қашықтықтан нысанаға 88 пышақ тигізді", — делінген хабарламада.

"Сова" басылымының хабарлауынша, қыз жаттығуға екі жасында қатыса бастаған. Ол өзінің алғашқы рекордын үш жасында 37 рет нысанаға алып орнатқан, биыл бұл рекорд 3 есеге жуық өсті.

Бұған дейін Өзбекстан президентінің кіші қызы жаңа лауазымға ие болғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: