"Желіде ағыл-тегіл жылаған қыз". 17 жастағы Сая Қыдырәлі IELTS бойынша әлемдік рекорд орнатты

Сая Қыдырәлі, IELTS, рекорд, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2025 17:57 Сурет: Instagram/saya.kidirali
17 жастағы қазақстандық Сая Қыдырәлі ағылшын тілі бойынша халықаралық емтиханда ең жоғары 9 балл жинап, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы жас қыздың Instagram-дағы парақшасынан белгілі болды. Сая өзінің кез келген маңызды жаңалығымен ең алдымен анасымен бөлісетінін айтады. .

"Мен 9.0 алдым. Құттықтауларыңызды қабыл алдым", - деп жазды Қыдырәлі екі күн бұрын парақшасында.

Сая қарапайым отбасында дүниеге келген және 4 жасынан бастап тек анасымен бірге тұрады.

"6 жасымнан бастап мен ағылшын тілін үйрене бастадым, 9 жасымнан бастап сабақ бере бастадым, 11-імде мен бірінші IELTS-ті тапсырдып, тек 6.5 ұнай жинаған едім. Сол кезде өзімді жаман сезіндім, әсіресе анама қастық жасағандай болдым, өйткені ол бір аяқ-киімін төрт маусымда да киіп, талмай еңбек етіп, менің кітаптарым мен IELTS-тің ақысын төлеген. Одан кейін бірнеше биіктерді бағындырдым, бірақ ішімнен бұдан да көп нәрсе қолымнан келетінін сезетінмін. Міне, сол күн туды. Ақыры соған қол жеткіздім. Мен әлемдегі ең жас IELTS-9.0 сарапшысы болдым", деп мақтанады басын тік ұстаған Сая.

Айта кетейік, IELTS қатысушыларының тек 0,5%-ы ғана 9.0 ұпай нәтижесімен мақтана алады.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: