Конгода 548 адам маймыл шешегінен қайтыс болды

Конгода 548 адам маймыл шешегінен қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2024 14:52 Сурет: pixabay
Конго Демократиялық Республикасында маймыл шешегінен қайтыс болғандар саны 548-ге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұны осы елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Көршілес Конгода болса, 2023 жылдан бері жұқпалы вирустан мыңнан астам тұрғын көз жұмған.

Бұған қоса, маймыл шешегі алғаш рет Пәкістанда тіркелді, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетсек, бүгінге дейін бұл инфекция "Қара құрлықтың" 12 мемлекетінде анықталды.

Осы ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай жариялады.

Дегенмен Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдеуінше, әзірге әлем мемлекеттері арасында шекараларды жауып, сапарларды шектеуге ешқандай негіз жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: