Макрон Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Франция президенті Эммануэль Макрон 26 тамызда Telegram және "ВКонтакте" мессенджерлерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Дуровтың "жүргізіліп жатқан сот алды тергеу амалдары" аясында ұсталғанын мәлімдеді.
"Франция территориясында Telegram-ның негізін қалаушы тұлғаның қамауға алынуы бүгіндері жүргізіліп жатқан сот алды тергеу аясында орын алды. Бұл ешқандай да саяси шешім емес. Бұл мәселеге қатысты шешімді судьялар қабылдауы керек", деп жазды Макрон Х-тегі аккаунтында.
I have seen false information regarding France following the arrest of Pavel Durov.
— Emmanuel Macron (@EmmanuelMacron) August 26, 2024
France is deeply committed to freedom of expression and communication, to innovation, and to the spirit of entrepreneurship. It will remain so.
In a state governed by the rule of law,…
2024 жылы 24 тамызда Павел Дуров Францияда Ле Бурже әуежайында ұсталды. Француз бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, француз азаматтығына ие Дуров елде іздеуде жүрген адамдардың тізімінде болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript