Дуров Парижге не үшін барған: Франция БАҚ-тары не дейді
Дуровтың Францияға сапарлаудағы мақсаты не екенін Le Figaro француз басылымы жазды.
"Ол Бакуден (Әзірбайжан) ұшып келді және Парижде кем дегенде бір кешті өткізуі керек еді, яғни осы іске қатысты дереккөз оның кешкі асқа келгенін айтады", делінген материалда.
Сонымен қатар журналистер миллиардер Бурже әуежайында жергілікті уақыт бойынша 19:30-дан 20:00-ге дейінгі аралықта ұсталғанын, оның жанында үнемі жүретін оққағары мен көмекшісі болғанын жазады.
Дуровтың бүгін, 25 тамызда сот залына алдыртылады деп күтіледі.
Кейбір француздық бұқаралық ақпарат құралдары соңғы кездері Францияға бармауға тырысып, өзі сақ ұстап келген Telegram-ның негізін қалаушының бұл жолғы сапарына аң-таң.
Француз барлау агенттіктері Павел Дуровты 24 тамыз, сенбі күні кешке Париждегі Ле Бурже әуежайында ұстады. Оған есірткі саудасы, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар және алаяқтық сияқты заңсыз әрекеттерге қатысты күдік келтіріледі.