12 жастағы американдық әкесін ормандағы аю шабуылынан құтқарды

12 жастағы американдық әкесін ормандағы аю шабуылынан құтқарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2024 09:54 Сурет: pixabay
АҚШ-та 12 жасар бала Висконсин ормандарында аң аулау кезінде әкесіне шабуыл жасаған қара аюды атып өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News хабарлауынша, аюдан зардап шеккен Райан Бейерман жыртқышпен күресте бар күшін салған. Алайда, барлық әрекеті тиімсіз болды. Осы кезде оның ұлы Оуэн Бейерман ұрысқа араласып, аюды атып, әкесін аман алып қалды.

Зардап шегуші жедел жәрдем көлігімен уақытында ауруханаға жеткізілді.

Райанның бетінде 23 тігістен кейінгі тыртық қалды. Сондай-ақ, қолынан айрылды.

Висконсин табиғатты қорғау ұйымының өкілдері аң аулаудың заңды екенін растады.

Бұған дейін Испанияда акуланың суда жүзіп жүрген туристке шабуыл жасағаны хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: