Молдова президенті Майя Санду сайлау нәтижелерінен кейін күтпеген мәлімдеме жасады

Молдова президенті Майя Санду сайлау нәтижелерінен кейін күтпеген мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2024 10:54 Сурет: X/sandumaiamd
Ол соңғы сайлауға сыртқы күштер араласты деген үлкен айып тағып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz .

Ол өзінің х парақшасында жарияланған жазбасында, Молдова бостандық пен демократияға қатысты бұрын-соңды болмаған шабуылға тап болды деп мәлімдеді.

"Қылмыстық топтар шетелдік күштермен бірге елімізді белгісіздік пен хаос аймағына енгізу үшін ондаған миллион еуро, өтірік үгіт-насихат арқылы елімізге шабуыл жасады. Бізде қылмыстық топтың мақсаты 300 мың дауыс сатып алу екендігі туралы дәлелдер мен ақпарат бар". Майя Санду

Президент түпкілікті нәтижелерді күтетінін, оның қорытындысы бойынша одан әрі іс-қимыл туралы шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін Иракта MBС телеарнасының штаб-пәтері талқандалғаны хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: