Грузия президентінің саботаж жасауға ешқандай ресурсы жоқ - Ираклий Кобахидзе
"Бірінші отырысты өткізу үшін 10 күн мерзім белгіленді, содан кейін Парламент өзі бас қосады. Президенттің саботаж жасауға ешқандай ресурсы жоқ, тіпті ол Грузия Конституциясын өрескел бұзса да", деп ТАСС Грузия премьер-министрінің сөзін келтіреді.
Айта кетсек, Грузияда 26 қазанда парламенттік сайлау өтті. Бұл сайлаушылардың 90%-ға жуығын қамтыған, 74% учаскеде орнатылған электронды урналарды қолдану арқылы елде өткізілген алғашқы сайлау. 99,64% учаскелердегі дауыстарды қолмен санау деректері бойынша, "Грузин арманы" – 54,08%, "Өзгерістер үшін коалициясы" – 10,92%, "Бірлік – ұлттық қозғалыс" партиясы – 10,12%, "Мықты Грузия" партиясы – 8,78%, "Грузия үшін Гахария" партиясы 7,76% дауысқа иелік етті. Сайлауға халықтың келу деңгейі 58,84% құрады.
Грузия Президенті Саломе Зурабишвили қазіргі билікке қарсы және сайлау алдында оппозицияны қолдады. Ол грузин хартиясы деп аталатын жарғыны жариялады, онда оппозицияның коалициялық үкімет құруға мүмкіндік беретін жиынтық жеңісі жағдайында реформалар жоспары жазылды.
"Гахария Грузия үшін" партиясы үш ірі оппозициялық партиямен қатар парламенттік сайлаудың нәтижелерін мойындамады.
2024 жылғы 27 қазанда Өзбекстанда да парламенттік сайлау басталды.