Тель-Авивта жүк көлігі аялдамадағы топ адамды жапырып өтті – жапа шеккендер бар
Сурет: Х/milisrael2017
Тель-Авив маңында адамдар тұрған аялдамаға жүк көлігі қойып кетті, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Times of Israel басылымының хабарлауынша, оқыс оқиға Cinema City Glilot ауданындағы Глилот қиылысында болған.
"Соқтығысу салдарынан 16 адам зардап шекті, олардың барлығы ауруханаға жатқызылды. Төртеуінің жағдайы ауыр", деп хабарлайды басылым.
Полиция бұл оқиға террористік акт болуы мүмкін деп күдік келтіреді. Оқиға орнына полиция отряды жіберілді. Қиылыстағы көлік қозғалысы ішінара шектелді.
Бұған дейін Иран Израильдің шабуылына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрағаны хабарланған болатын. Айта кетсек, 2024 жылдың 26 қазанына қараған түні Израиль Иран әскери нысандарына соққы берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript