Атбасарда жол жиегінде тұрған төрт адамды Mercedes көлігі жапырып өтті

Жедел жәрдем, жол апаты, Ақмола облысы, Атбасар, Mercedes  , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2025 09:50 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Атбасарда жол жиегінде тұрған төрт адамды Mercedes көлігі жапырып өтті. Оқыс оқиға 12 сәуірде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Nayza Kokshe мәліметінше, әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға келіп түскендер арасында екі ересек және екі кәмелетке толмаған жасөспірім және алты жасар бала да бар.

"Аталған оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуальдық шешім қабылданатын болады", – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол қозғалысына қатысушыларға мұндай оқиғалардың алдын алу үшін, әсіресе қозғалыс тығыз жерлерде жылдамдық режимін сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын үнемі тексеру отыру маңызды екені ескертіледі. 

Бұған дейін Павлодар облысында жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, төрт адам зардап шеккенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: