Қазба жұмыстары кезінде табылған құнды жәдігер 5,6 миллион долларға сатылды
Сурет: pixabay
Жерде мыңдағын жыл бойы жатқан, 2500-ден астам күміс монеталардың жиынтығы Британ мұражайларында қойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ABC News ақпаратынша, Англияның оңтүстік-батысындағы ферма алаңында Адам Степлз және оның алты досы мыңдаған жыл бойы жерде жатқан 2500-ден астам күміс монеталарды тапты. 5,6 миллион долларға бағаланған және мұражайға жіберілген олар Англияға бағытталған Норман шапқыншылығы кезеңінен болуы мүмкін.
2019 жылы табылған және жақында Southwest Heritage Trust сатып алған қазынада 1066-1068 жылдар аралығында соғылған 2584 күміс тиын болды.
Олардың кейбіреулерінде патша Уильям I бейнеленсе, енді бірлерінде ал англо-саксондық ізашар Гарольд II бейнеленген.
Бұған дейін Өзбекстанда дрондардың көмегімен жоғалған Жібек жолы қалалары табылғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript