Жаңалықтар тізбегі
0

Үнді миллионері 48 млрд теңге болатын ақшасын иті мен екі көмекшісіне мұраға қалдырған

Миллионер, Үндістан, Ратан Тата, мұра, ит, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2024 17:38 Сурет: Instagram/ratantata
Үндістанның ең ықпалды кәсіпкері Ратан Тата 2024 жылдың 9 қазанында дүниеден озды. Тата өмір бойына бойдақ өткен, сондықтан ол 100 миллион доллардан астам (48 миллиард теңгеден астам) байлығын сүйікті итіне, сарай меңгерушісі мен аспазына мұраға қалдырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

86 жастағы миллионер қайтыс болған соң екі аптадан кейін оның өсиеті жарияланды. Өсиетке сәйкес, марқұм өзінің байлығының көп бөлігін өзінің сүйікті неміс овчаркасына, сондай-ақ аспаз Раджан Шоуға және кәсіпкердің басты көмекшісі болған сарай меңгерушісі Конар Суббнахқа қалдырылған. Daily Mail басылымында атап өткендей, кәсіпкер іні мен қарындастарына өзіне тиесілі мүліктердің бір бөлігін бөліп берген.

Өсиетте үй жануары - Титоға "шексіз қамқорлық көрсетілуі керектігі" баса көрсетілген. 

Бір қызығы, миллионер өмір бойы мал-жануарларды жақсы көріп өткен екен. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: