Иранда жер сілкінісі болып, тоғыз адам зардап шекті

Жер сілкінісі, Иран, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2024 11:01 Сурет: Indiana university
Иранның солтүстігіндегі Гермсар қаласының маңында 3 қарашада 4,6 баллдық жер сілкінісі болып, тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

IRNA агенттігінің хабарлауынша, зардап шеккендердің барлығы жеңіл жарақат алған.

Сондай-ақ, қаладағы абоненттердің бір бөлігінде жарықсыз қалған. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, шамамен 49,4 мың адам тұратын Гермсардан солтүстік-шығысқа қарай бес шақырым қашықтықта 4,6 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы 35 шақырым тереңдікте орналасқан.

Сурет: Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы

Иранның тағы бір агенттігі - IRIB мәліметі бойынша, жер сілкінісі Тегеранда, сондай -ақ оның маңындағы Кередж қаласында да сезілді. Сонымен қатар, агенттіктің хабарлауынша, Тегеран маңындағы қала аттас провинцияның әкімшілік орталығы болып табылатын Куме қаласында да жер асты дүмпулері сезілді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: