Жаңалықтар тізбегі
0

Тбилисиде екі күнге созылған наразылық акциясы барысында 100-ден аса адам ұсталды

Митинг, Грузия, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2024 14:05 Сурет: X/сомм_еаrth
2024 жылдың 30 қарашасында таңертең Тбилисиде Руставели даңғылындағы наразылық акциясы аяқталды. Екі күн ішінде 107 адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елдің ІІМ мәліметінше, ұсталғандарға бұзақылық пен полицияға бағынбау айыбы тағылған. Сондай-ақ, төбелес салдарынан құқық қорғау органдарының 10 қызметкері зардап шекті.

"Медициналық мекемеде күйік жарақаты диагнозымен  бір полиция қызметкері жатыр. Заң шығарушы орган ғимараты жанында жеке адамдар парламенттің инфрақұрылымына, қорғаныс баррикадасына бұзып-жарды, әртүрлі заттарды өртеп жіберді, парламенттің кіреберіс қақпасы мен бейнебақылау камералары сындырылды", делінген ІІМ мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, ведомство тәртіпті қалпына келтіру мақсатында полиция қызметкерлері заңда белгіленген арнайы құралдарды пайдаланғанын атап өтті.

Оппозиция наразылығы бейсенбіде премьер-министр Ираклий Кобахидзе Грузияның ЕО-ға мүшелігі туралы келіссөздерді 2028 жылға дейін тоқтату туралы қабылдаған шешімінен кейін басталды. Жұмада түнде арнайы күштер митингіге қатысушыларды су атқыштар қолдану арқылы таратуға тырысты.

Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының (ЕКПА) комитеті Грузиядағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, шұғыл мәлімдеме жасаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: