Оңтүстік Корея президенті тақтан түсіп қалуы мүмкін

Оңтүстік Корея президенті тақтан түсіп қалуы мүмкін , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 11:09 Юн Сок Ёль, сурет: Instagram/sukyeol.yoon
12 желтоқсанда "Халық күші" басқарушы партиясының төрағасы Хан Дон Хун Президент Юн Сок Ельді мемлекеттік істерден шеттету қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы баспасөз мәслихатында айтты, сондай-ақ, Президент Юн Сок Ель өз еркімен отставкаға кетуден бас тартып отырғанын да қоса айтты. Оның айтуынша, президент өзінің өкілеттік мерзімі және өзге де мәселелерді партияның қарауына қалдыру туралы берген уәдесін бұзған.

Оңтүстік Корея президенті тақтан түсіп қалуы мүмкін , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2024 11:09

Хан Дон Хун, сурет: newsis

Осыған байланысты Хан билеуші партияның жетекшісі ретінде Юнды мемлекеттік істерден, соның ішінде Қарулы Күштердің Бас қолбасшысының өкілеттігінен айырудан дереу шеттету қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ, саясаткер тұрғындарды президентке импичмент жариялауға шақырды.

Бұған дейін Оңтүстік Корея президентінің халқынан кешірім сұрағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: