АҚШ пен Түркия Сириядағы жағдайды реттеу бойынша өзара келісімге келді
TRT Haber мәліметінше, мұны АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Энтони Блинкен мәлімдеді.
"Бүгіндері біз үлкен бірлескен жұмыс жасадық", – деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен болған кездесуде.
Екі тарап та Түркия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың көптеген мәселесі бойынша прогреске қол жеткізгендерін атап өтті, соның ішінде Сирияға қатысты да.
"Біздер өзіміздің және Сирия халқының алдынан ашылатын мүмкіндіктерге назар салудамыз. Біз Сирия халқының Башар Асадтың бұғауынан босауына назар аударамыз", – деген Блинкен Түркия мен АҚШ жаңа Сирия келбетін көргісі келетінін айтты.
Блинкен АҚШ азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын қорғайтын, адамдарға қызмет көрсетіп, мемлекеттік институттарды қолдайтын және табылған жағдайда химиялық қаруды жою міндетін өз мойнына алған Сирияның жаңа үкіметін қолдайтынын айтты.
Сирияның уақытша үкіметі экстремистік топтармен қарым-қатынаста болмайтындықтарын мәлімдеді.
"Біздің елдер ДАИШ-ты жою әрі осы қауіптің қайта пайда болуына жол бермеу үшін көп жылдар бойы еңбек етіп, тер төкті. Бұл күш-жігерді жалғастыру өте маңызды", деп сөзін қорытындылады Блинкен.
Айта кетсек, 8 желтоқсанда Сирияның астанасын көтерілісшілер басып алғаны белгілі болды, олар Сирияның бірнеше ірі қаласын бақылауға алғанына екі аптадан аса қойған жоқ. Осыдан кейін Сирия президенті Башар Асад президенттіктен бас тарту туралы шешім қабылдады және билікті бейбіт жолмен тапсырып, елден кетті.