Рим Папасына екі рет қастандық жасалмақ болғаны белгілі болды
Бұл туралы Рим папасының өмірбаяны туралы кітапта жазылды. Католик шіркеуінің 266-шы көшбасшысы екі теракттан аман қалған, онда да бұл Ирак полицейлеріне ескерту жіберген британдық барлау қызметі дер уақытында ашқан істің арқасында мүмкін болды, деп жазады Mirror.
17 желтоқсанда жариялаған Рим Папасының өмірбаянынан Иракқа сапары туралы үзінділерді келтірген басылым жоспарлы іс-шарада өзін жарып жіберу арқылы теракт жасамақ болған жанкештілердің көзі жойылғаны айтылады.
Кітапта Рим Папасы маңызды сапардан барлығы дерлік бас тартуды сұрағанын, бірақ ол "бармаса болмайды" деп ойлағанын айтыпты.
Францисктің күзетшілеріне оның ұшағы Иракқа қонған кезде, "жарылғыш заттары бар" әйел мен жүк көлігі Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласына қарай бара жатқаны туралы ақпарат беріледі. Рим Папасы бұл туралы біліп, қауіпсіздік қызмектерлерінен жанкештілер жайлы сұрағанда: "Олар енді жоқ. Ирак полициясы оларды ұстап, жарып жіберді" деген жауап алғанын айтады.