Египетте 400-ден астам бірегей артефактілерді сатпақ болған екі адам қамауға алынды
Елдің ІІМ мәліметінше, артефактілер арасында — түрлі бейнедегі 53 мүсін, үш бюст, адам басы бейнеленген 12 қанжар, 14 қола тостаған, 41 балта, 20 қола артефакт және 305 монета бар.
Ғалымдардың есептеуінше, Абу-Кир шығанағындағы су астында батып кеткен ежелгі Гераклион қаласы біздің дәуірімізге дейінгі VIII ғасырда салынған. Ол шамамен 1200 жыл бұрын су түбіне кетті, қазір қаланың қалдықтары 45 м-ге дейін түрлі тереңдікте су астында жатыр. Археологтар оны 2000 жылы тапты.
🇪🇬 Hobby archaeologists busted!
— Lord Bebo (@MyLordBebo) December 23, 2024
Two people have been detained in Egypt for taking 448 artifacts from the bottom of the Mediterranean Sea in Abu Qir Bay and trying to sell them.
1/ pic.twitter.com/YY9YdBQjrS
Бұған дейін Албанияның TikTok-қа бір жылға тыйым салатындығы хабарланған болатын.