Azal экипаж мүшелеріне "ұлт қаһарманы" атағы берілді
Сурет: pixabay
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қаза болған 3 экипаж мүшесіне "Ұлт қаһарманы" атағы берілді.
Олар – Әзербайжан Эйрлайнс бортының командирі Игорь Кшнякин, ұшқыш Александр Кальянинов және бортсерігі Хокума Әлиева.
Бұдан бөлек апаттан кейін тірі қалған екі экипаж мүшесі бірінші дәрежелі "Рашадат" орденімен марапатталды, деп жазады qazaqstan.tv.
Ол төтенше жағдайда адамдарды құтқаруға үлес қосқаны үшін беріледі.
Марқұмдарды соңғы сапарына аттандыру рәсімі Бакудегі Гейдар Әлиев халықаралық әуежайында өтті.
Оған ел президенті Ильхам Әлиев пен бірінші ханым Мехрибан Әлиева, марқұмдардың туыстары мен жақындары, ресми тұлғалар мен қоғамдық өкілдер қатысты.
Ұлт қаһармандарымен қоштасу рәсіміне халық та көп жиналды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript