Испания "Алтын визаларды" жою туралы шешім қабылдады
Сурет: pixabay
Испания билігі 2025 жылдың сәуірінде «алтын визалар» деп аталатын тәртіпті жою туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми мемлекеттік газетте жарияланған құжатқа сәйкес, мәселе инвестицияға айырбас ретінде тұруға рұқсатқа қатысты. "Алтын визаны" алудың ең кең тараған нұсқасы 500 мың еуродан кем емес сомаға жылжымайтын мүлік сатып алу болды. Басқа опцияларға испандық компаниялардың акцияларына 1 миллион еуро немесе Испанияның мемлекеттік бағалы қағаздарына 2 миллион еуро инвестициялау кіреді.
"Инвесторлар үшін осы өтпелі ереже күшіне енген күні қолданыста болған визалар мен рұқсаттар берілген кезең ішінде жарамды болады", — делінген құжатта.
Анықталғандай, түзетулер күшіне енгенге дейін өтініш берген инвесторлар өтініш берген кезде қолданыстағы ережелерге сәйкес виза ала алады.
Бұған дейін қазақстандықтардың Ресейде жылына 90 күннен астам визасыз жүре алмайтыны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript