Индонезия БРИКС-тің толыққанды мүшесі атанды
Бұл туралы Бразилия СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 2025 жылы Бразилия аталған ұйымды басқарады.
"Бразилия үкіметі 6 қаңтарда Индонезия Республикасының БРИКС-ке толық мүше ретінде ресми түрде тіркелгенін хабарлайды", - деп хабарлады ведомстводан.
Қауымдастық мүшелері Индонезияның кандидатурасын 2023 жылдың тамызында Йоханнесбург саммитінде мақұлдағаны белгілі, бірақ президенттік сайлау өткізілгенге дейін оны қабылдауды бір жылға кейінге қалдырған болатын.
Бразилия СІМ Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең көп халқы бар әрі ең ірі экономикаға ие Индонезия ұйымның талаптарына толық сәйкес келетінін және Жаһандық оңтүстіктегі ынтымақтастықты тереңдетуге оң үлес қосатынын атап өтті.
1 қаңтардан бастап Индонезия және тағы бірнеше ел, соның ішінде Беларусь, Қазақстан және Өзбекстан БРИКС серіктестері мәртебесіне ие болды. Өткен жылы ұйымға Мысыр, Иран, БАӘ және Эфиопия елдері қосылды.
1 қаңтарда Пәкістан мен Үндістан өздерінің ядролық активтерінің тізімдерімен алмасты. Бұл шара олардың бір-бірінің ядролық қондырғыларына шабуыл жасауына тыйым салатын екіжақты келісім аясында болды.