Аргентина БРИКС-ке қосылудан ресми түрде бас тартты
Мұндай хатты Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Президенттері алды. Бұл туралы Аргентина Президентінің әкімшілігі хабарлады, деп жазады DW.
Хат мәтінінде Аргентинаның мүшелікке өтуі "қазіргі уақытта ақылға қонымсыздау болады" делінген.
"Қазір жүргізіліп жатқан елдің сыртқы саясаты Альберто Фернандестің кезіндегі "үкімет саясатынан көптеген аспектілері бойынша ерекшеленеді" және "алдыңғы әкімшілік қабылдаған кейбір шешімдер қайта қаралады" деп Аргентинаның TN басылымы Милейдің сөзін келтіреді.
Сайлау науқаны кезінде Милей де, Аргентина СІМ басшысы Диана Мондино да сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Аргентина БРИКС-ке мүшелікке өтуден бас тартатынын бірнеше рет мәлімдеген.
Айта кетсек, БРИКС өз құрамына қосылуға Аргентинадан бөлек тағы бес елді шақырған болатын. БРИКС мүшелері өз құрамын 5-тен 11 елге дейін ұлғайтуға ниетті.
Қазіргі уақытта БРИКС құрамына Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка кіреді. Олар Жер шарындағы халықтың 40 пайыздан астамын және әлемдік экономиканың шамамен 26 пайызын құрайды. Аргентинадан басқа БРИКС-ке қосылуға Мысыр, Эфиопия, Иран, Сауд Арабиясы және БАӘ шақырылған.