Эфиопия БРИКС-ке қосылуға өтініш берді
Сурет: freepik
Эфиопия БРИКС-ке қосылуға өтініш берді әрі бірлестікке мүше мемлекеттер оң шешім шығаратынынан үмітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мелес Алем мәлімдеді, деп мәлімдеді ENA агенттігі.
"Біз БРИКС елдері біздің өтінішімізге оң жауап береді деп ойлаймыз", – деп жазды агенттік сайты Сыртқы істер министрлігі өкілінің брифингте жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасап.
БРИКС саммиті 22-24 тамызда Йоханнесбургте өтеді. Баспасөз брифингінде Оңтүстік Африка президентінің ресми өкілі Винсент Магвенья өте жақын арада ОАР президенті Сирил Рамапоса БРИКС-ке мүше елдердің басшыларымен саммиттің егжей-тегжейлері бойынша консультацияларды аяқтайтынын айтты.
БРИКС-ке Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка кіреді. Ұйым 2006 жылы маусымда Санкт-Петербург экономикалық форумы аясында құрылған.
Осы жылдың қаңтар айында БРИКС-ке кіруге 13-ке жуық мемлекет қызығушылық танытып, оның алтауы ұйымға мүше болуға өтініш білдірген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript