БРИКС-ке бес мемлекет қосылды

БРИКС-ке бес мемлекет қосылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2024 13:50 Сурет: Алматы әкімдігі
БРИКС-ке бірден бес мемлекет 2024 жылы қосылды. Олар Египет, Иран, БАӘ, Сауд Арабиясы және Эфиопия, деп хабарлайды Zakon.kz.

Dailynews хабарлауынша, Мысыр, Иран, Сауд Арабиясы, БАӘ және Эфиопия БРИКС-ке ресми түрде қосылды. 1 қаңтарда Ресей БРИКС төрағасы болды. 2024 жылдың қазан айында Қазанда БРИКС саммиті өтеді деп жоспарланған.

Бұған дейін қауымдастық құрамына бес мемлекет кірді: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка.

БРИКС – мемлекетаралық бірлестік. Ұйым 2006 жылы маусымда Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай экономика министрлерінің қатысуымен өткен Санкт-Петербург экономикалық форумы аясында құрылды. БРИКС шеңберіндегі елдердің өзара әрекеттесуі 2006 жылдың қыркүйегінде басталды.

2023 жылғы 24 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференцбайланыс арқылы БРИКС плюс форматындағы мемлекет басшылары диалогының отырысына қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: