Жаңалықтар тізбегі
0

Аргентина президенті Мадуроның Венесуэла сайлауындағы жеңісін мойындамайтынын мәлімдеді

Аргентина президенті Мадуроның Венесуэла сайлауындағы жеңісін мойындамайтынын мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2024 13:06 Сурет: Instagram/javiermilei
Аргентина президенті Хавьер Милей Венесуэладағы сайлауда оның елі оппозиционер Эдмундо Гонсалесті көшбасшы деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол дүйсенбі, 29 шілдеде X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында жазды.


"Деректер оппозицияның жойқын жеңісін көрсетеді және әлем (Мадуро Үкіметінің) жеңілісті мойындауын күтуде. Аргентина тағы бір алдамшылықты мойындамайды", - деді Аргентина басшысы.

Бұған дейін Мадуроның штабы оның сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Мадуро сайлау нәтижелері бойынша 51,2% дауыс жинаса, оның қарсыласы Эдмундо Гонсалес 44% дауысқа ие болды.

Венесуэлада сайлау 28 шілдеде өтті. Оған 10 үміткерді қатысты, оның ішінде елдің 2013 жылдан бергі президенті Николас Мадуро және оппозицияның негізгі кандидаты Эдмундо Гонсалес Уррутия бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: