Жаңалықтар тізбегі
0

Аргентина құрамасының тәлімгері Олимпиаданы қатты сынға алды

Аргентина құрамасының тәлімгері Олимпиаданы қатты сынға алды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 16:50 Сурет: Instagram/mascherano14
Аргентина құрамасының бас бапкері Хавьер Маскерано Мароккомен болған оқиғадан кейін Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиаданың ұйымдастырушыларына наразылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрын хабарланғандай, Аргентина мен Марокко арасындағы футбол ойыны 106-минутта оңтүстік американдықтар гол соққаннан кейін стадиондағы тәртіпсіздіктерге байланысты екі сағатқа тоқтатылды.

Бұл кезде оңтүстік американдықтар 2:2 есебімен теңестіре алды.

Екі сағаттан кейін ойын қайта басталды, екі минутқа созылған ойын ешқандай нәтиже бермеді. Ал, төрешілер 106-шы минутта соғылған аргентиналықтардың голын есепке алмады. Осылайша африкалықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

"Алдымен біздің ойыншымыз Тьяго Алматының заттары ұрланды. Артынша бізді бүткіл жерде тексеріске алды, түсініксіз жағдайлар орын алды. Сондай-ақ, ойын кезінде белгісіз адамдар жеті рет алаңға жүгіріп шықты, бізге қарай отшашулар атты. Бізге 2:2 есебінің түпкілікті екенін айтты. Сондықтан да біз де біздің қарсыластарымыз да ойынды жалғастырғымыз келмеді. Біз көрші үйдегі ойынға емес, Олимпиадаға келдікі. Бұлай боламауы керек". Аргентина олимпиадалық құрамасының бас бапкері Хавьер Маскерано

Айта кетейік, Аргентина олимпиадалық құрамасы осы жарыстардың екі дүркін жеңімпазы (Афина-2004 және Пекин-2008).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: