Қырғызстанда автокөлік салығы алынып тасталды

Автокөлік, салық, Қырғызстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2025 17:19 Сурет: freepik
Қырғызстанда автокөлік салығы алынып тасталды. Бұл туралы 2025 жылы 8 қаңтарда Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дәлел ретінде президент жазбасында былай делінеді:

"Мен автокөлік салығын алып тастауға тапсырма беріп, тиісті жарлыққа қол қойдым. Енді көліктерге салық салынбайды. Соны дұрыстап түсіндіріп өтейін".

Бұйрыққа сәйкес, президент автокөлік салығын толығымен алып тастаған. 

"Бұған жаңа заңның күшіне енуі түрткі болып отыр. Енді қырғыздардан "Жол қоры туралы" заң бойынша жанар-жағармайдың әр литрі үшін 1 сом (6 теңге 11 тиын) алым алынады. 1 қаңтардан бастап көлікке құйылған жанармай мен дизельді отынның әр литрі үшін 1 сомнан алынады". Садыр Жапаров

Сонымен қатар ол 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін автокөліктерге салық төлемеген азаматтарға амнистия жариялауды тапсырды.

"Мұндай салық төлемегендерің саны тым көп. Заңды және жеке тұлғалардың 2022 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қарызы да толық кешіріледі. Үлкен қиындықтарға қарамастан мемлекет осындай шешім қабылдады". Садыр Жапаров

Сонымен қатар Садыр Жапаров фермерді салықтан босату туралы мораторийді 2030 жылға дейін созғанын хабарлап, халқына бюджеттің басым бөлігі салықтан тұратынын, сондықтан бұл төлемді уақытылы жүргізу керектігін еске салды.

Айта кетсек, 2024 жылғы 18 желтоқсанда Қырғызстанның министрлер кабинетінің жаңа төрағасы болып Әділбек Қасымалиев тағайындалды.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: