Хабиб Нұрмағамбетов ұшақта болған келеңсіз жайтқа қатысты пікір білдірді

Хабиб Нұрмағамбетов ұшақта болған келеңсіз жайтқа қатысты пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2025 10:15 Сурет: Instagram/khabib_nurmagomedov
13 қаңтарда UFC-дің экс-чемпионы Frontier Airlines авиакомпаниясының бортсерігімен болған келеңсіз оқиғаның мән-жайын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы АҚШ-та рейстен шығарылған. Кейінірек ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазба жариялады.

Хабиб бортсерікті "дөрекі" деп көрсетті. Оның айтуынша, оны рейстен шығару басынан әуе компания қызметкерінің мақсаты болған.

"Ол мені шығару үшін қандай негізге сүйенгенін нақты айта алмаймын. Бәлкім, нәсілдік, ұлттық немесе басқа нәрсе.

Әрі қарай ол бұл уақытта сабырлы болғанын, арандатушылыққа бой алдырмағанын жазды.

"Менің ойымша, адамда сәл болсын мейірімділік болуы керек", – деп қорытындылады Нұрмағамбетов.

Бұған дейін Қазақстан жасөспірімдері құрамасы фристайлдан әлем чемпионаты кезінде тарихи жетістікке қол жеткізгендері хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: