Фристайлдан ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері тарихи нәтижеге қол жеткізді

Фристайлдан ӘЧ, Алматы, Шымбұлақ, Қазақстан жасөспірімдері, күміс жүлде, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2025 09:42 Сурет: ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
11 қаңтарда Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғы курортында фристайлдан (могул, акробатика) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, фристайл-могулдан Ұлттық құрама барлық жарыс күні жүлдеге қол жеткізді.

Алғашқы сында Анастасия Городко жекелей сайыста ІІ-орын алған. Ертеңінде отандасымыз параллель могулда алтыннан алқа тақты. Ал аралас командалық сайыста былтыр IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан Юлия Фиклистова мен Денис Раструба жұбы күміс жүлдегер атанды.

Фристайл-акробатикадан жекелей сын еліміз үшін тарихи нәтижемен есте қалды. Ерлер арасында Дінмұхаммед Райымқұл күрделі бағдарламаны сәтті орындап, чемпион атанды. Ол 104.52 ұпаймен екі қытайлық спортшыны (Юч Юнхен, Ян Чжичэн) басып озды. Әйелдер арасында барлық жүлдені Қытай акробаттары иеленді.

Шешуші жарыс күні командалық сайыста Қазақстан-2 командасы (Аделина Өмірзақова, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов) VI-орын алса, Қазақстан-1 (Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Асылхан Асан) VII-сатыға табан тіреді. Командалық сайыстың жүлдегерлерін марапаттауға Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қатысты.

Жалпы есепте могул мен акробатикадан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс жүлде иеленіп, Қытайдан (2 алтын, 3 күміс, 2 қола) кейін ІІ-орын алды. Үздік үштікті Жапония (2 алтын, 1 қола) түйіндеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: