Газада кепілге алынған адамдардың босатылатын алғашқы күні аталды

Газа секторы, кепілге алынғандар, босату, дата, Израиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2025 21:57 Сурет: pixabay
Израиль үкіметі басшысының кеңсесі Газада кепілге алынған адамдардың босатылатын алғашқы күнін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Олар осы жексенбіде, 19 қаңтарда босатылуы керек.

"Әскери-саяси кабинет пен үкіметтің шешіміне, сондай-ақ келісімнің күшіне енуіне байланысты кепілге алынған адамдарды босату шарасы жоспарланғандай, жексенбіде іске асырылуы мүмкін", делінген Израиль үкімет басшысы Нетаньяху кеңсесінің хабарламасында.

Бұған дейін 17 қаңтарда Израиль мен ХАМАС әскери іс-қимылдарды тоқтатуға келісіп, Израильдің кепілге алынған адамдарды босату туралы келісімге қол қойғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: