Израиль мен ХАМАС кепілге алынған адамдарды айырбастауға келісті

Израиль, ХАМАС, ЦАХАЛ, соғыс, Палестина, тұтқын, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 20:42 Сурет: pixabay
Израиль тұтқындаған палестиналық әйелдер мен балаларды ХАМАС кепілге алған 100 израильдікке айырбастау жөніндегі келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат көздеріне сілтеме жасап al Arabiya телеарнасы мәлімдеді.

"Израиль тұтқындаған палестиналық әйелдер мен балаларды ХАМАС ұстаған жүз израильдікке айырбастау туралы келісімге қол жеткізілді", – делінген хабарламада.

Палестиналық ХАМАС содырлары 2023 жылдың 7 қазанында Израильге шабуыл жасады. Олар бірнеше шекаралық елді мекендерді басып алып, 1,4 мың адамды өлтіріп, тағы біраз адамды кепілге алды. Израиль қорғаныс күштері содырларды өз аумағынан қуып шығып, Газа секторына күшті соққы беріп, оны қоршауға алды. Палестиналықтар мен Израиль арасындағы бірнеше ондаған жылдарға созылған қақтығыс қанды қырғынға айналды.

Израиль армиясы қазір Газа секторында жерүсті операциясын жүргізіп, ХАМАС-тың жер асты туннельдерін қиратып жатыр. Газа секторы мен Мысыр арасындағы шекарада жалғыз өткізу пункті ашылып, бірнеше жүз адам қоршауда қалған анклавтан шығуға мүмкіндік алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: