Өзбекстандық шахматшы үнділік қарсыласынан қол алысудан бас тартқаны үшін кешірім сұрады

День учителя, цветы, первое сентября, 1 сентября, 25 мая, школьная линейка , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2025 10:18 Фото: Zakon.kz
Өзбекстандық шахматшы Нодирбек Якуббоев үндістандық шахматшы Рамешбабу Вайшалиден қол алыспай ойында бастап кеткені үшін кешірім сұрап кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылы Вейк-ан-Зееде өткен Tata Steel Chess турнирінде өзбекстандық гроссмейстер матч басталар алдында Үнді шахматшысымен қол алысудан бас тартты. Спортшының бұл әрекеттері бірден желіде қызу пікірталас тудырды.

Сурет: Instagram/chessbaseindia

Оның бұл әрекетін көпшілік спортшыға лайық емес деп сөкті. Оның айтуынша, қарсыласпен қол алысудан бас тартуы діни себептерге байланысты болды. Осылайша ол, үнді қызынан болған оқиға үшін кешірім сұрап, гүл мен тәттісін сыйға тартты.

"Мен барлық үнді ойыншыларын құрметтеймін және сізді ренжіткім келмеген. Алайда, сол күні қатты асығып кеттім. Мені кешіріңіз, келесі матчтарыңызға сәттілік тілеймін!"- деді Якуббоев.

Үнді қызы барлық себептерді түсінетінін және Якуббоевтың әрекетіне ренжімегенін айтты.

Бұған дейін Қазақстанда таеквондодан "Мұстафа Өзтүрік жүлдесі" марапаты тағайындалғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: