Нью-Йоркте бұзақылар метродағы пойызды ұрлап, заңсыз тізгіндеген

Нью-Йоркте бұзақылар метрдағы пойызды ұрлап, заңсыз тізгіндеген , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2025 10:57 Сурет: pixabay
Куинстегі "Форест-Хилс - 71-я авеню" станциясында белгісіз адамдар метродағы пойызды ұрлап, заңсыз тізгіндеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Post басылымы жазғандай, ішке кіргеннен кейін, қаскөйлер қауіпсіздік камераларының линзаларын маркермен жауып тастаған, алайда олар сапарларын видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жүктеген. Кадрлардан пойыздың спидометрі шамамен 30 миль/сағ жылдамдықты көрсететіні байқалады.

Әзірге "сапардың" қанша уақытқа созылғаны белгісіз, бірақ пойызды өздері ұрлаған Бруклиндегі станцияға қайта алып келген. Жер асты қызметкерлері пойыздың орнында жоқ екенін байқап, полицияға хабарлаған. Бірақ, бір қызығы оның есіктері жабық болған, осыған қарап, күдіктілердің өздерінің кілті болған деп болжануда.

Қазір полиция куәгерлерге ақшалай сыйақы ұсына отырып, ұрлықшыларды іздеуде. Оларға абайсызда қауіп төндірді деген айып тағылуы мүмкін.

Бұған дейін Өзбекстандық шахматшының үнділік қарсыласынан қол алысудан бас тартқаны үшін кешірім сұрағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: