Бұл сауда соғысы ма: Қытай АҚШ-тың енгізген баж салғына қалай жауап берді

ҚХР Мемлекеттік Кеңесі жанындағы тарифтеу және жіктеу комитетінің мәлімдемесінде айтылғандай, 10 ақпаннан бастап АҚШ-тан әкелінетін кейбір тауарларға қатысты қосымша баждар енгізілуде. Атап айтқанда, көмір мен сұйытылған табиғи газға 15%-дық қосымша баж салынады. Сонымен қатар, шикі мұнайға, ауылшаруашылық техникаларына, қозғалтқыштың үлкен сыйымдылығы бар автомобильдерге және пикаптарға қосымша 10%-дық баж салынады. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Сондай-ақ, Бейжің кейбір сирек металдармен, атап айтқанда вольфрам, теллур, висмут, молибден және индиймен байланысты тауарларға экспорттық бақылауды енгізеді.
Бұдан бөлек, Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) дауларды шешу механизміне АҚШ-тың салық шараларына шағым түсірді.
Осыған дейін Трамптың Мексика мен Канадалық импортқа 25% кедендік баж салығын, сондай-ақ ҚХР тауарларына 10%-дық тариф енгізгендігі хабарланған болатын.