АҚШ-тың жаңа баж салығы әлемдік нарыққа қалай әсер етуде

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 15:15 Фото: flickr/Gage Skidmore
2025 жылғы 4 ақпаннан бастап АҚШ Мексика мен Канадалық импортқа 25% кедендік баж салығын, сондай-ақ ҚХР тауарларына 10%-дық тариф енгізді. Кезекте Еуропалық импорт тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Трамптың Қытайдан, Мексикадан және Канададан импортқа жаңа баж салығын енгізуі қазірдің өзінде әлемдік қаржы нарықтарында айтарлықтай ауытқуларды тудырды: бұл қадамдар АҚШ долларының нығаюына, жаһандық қор индекстерінің құбылмалылығына және Америкадағы инфляцияның өсуіне қатысты алаңдаушылыққа әкелді.

Валюта нарықтарының әсерлері

Баждарды енгізу туралы хабарландырудан кейін АҚШ доллары 1%-дан астам нығайды, бұл канадалық доллар, мексикалық песо және Еуро бағамдарына теріс әсер етті. Канада доллары 20 жылдың ішіндегі ең төменгі деңгейге жетті, бұл ретте, мексикалық песо да айтарлықтай әлсіреді. Еуро долларға қатысты 1,3%-ға төмендеді.

Сурет: investing

Қор нарықтарының динамикасы

S&P 500 және Nasdaq 100 қоса алғанда, американдық қор индекстерінің фьючерстері төмендеуді көрсетті. Еуропалық және азиялық нарықтар да күрт құлдырауға ұшырады, жапондық, қытайлық және оңтүстік кореялық индекстер ықтимал сауда соғысы туралы алаңдаушылық жағдайында төмендеді.

Сурет: investing

Ресурстардың құны

Brent және WTI маркаларының мұнай бағасы әлі өзгерген жоқ, өйткені инвесторлар Канададан энергетикалық баж салығы туралы нақты түсініктеме күтеді. Алдағы ОПЕК + отырысы нарық үшін белгісіздіктің қосымша факторы болып қала береді, онда қатысушы елдер өндіруді реттеу шараларын талқылайды. Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп мұнайдың әлемдік бағасын төмендетуді талап етіп, картельге қысым көрсетуді жалғастыруда. Қалған тауарлардың бағасы әзірге бірқалыпты.

Сурет: investing

Серіктес елдердің қабылдауы

АҚШ-тың негізгі сауда серіктестері болып табылатын Канада мен Мексика жауап беру жоспарларын жариялады. Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо "тең, күшті және ақылға қонымды" жауап қадамдарын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл ретте, Мексика американдық тауарларға баж салығын енгізуді қарастыруда. ҚХР ДСҰ-ға шағым түсіретінін мәлімдеді. Дәл қазіргі уақытта канадалық және мексикалық компаниялардың акциялары төмендеуде.

Сурет: investing

Инфляцияның өсуі күтіле ме?

Экономистер баждарды енгізу АҚШ-тағы инфляцияның жеделдеуіне, тұтыну тауарларының бағасының өсуіне және экономикалық өсудің төмендеуіне әкелуі мүмкін деп ескертеді. Мәселен, қаржыгер Арсен Темірбаев баждардың әсері өнеркәсіптік тауарлармен шектелмейді және АҚШ тұтынушылары ет пен сүт өнімдерінің бағасының өсуіне тап болуы мүмкін деп санайды.

"Трамп тез арада – алты айда – инфляцияның ықтимал айналымын жеңе аламын деп уәде бергенімен, оған сену қиын. Сонымен қатар, АҚШ-тағы инфляция бүкіл әлемде бағаның өсуіне серпін беретіні сөзсіз". Арсен Темірбаев

Трамп әкімшілігінің жаңа баждарды енгізуі әлемдік нарықтарда айтарлықтай дүрбелең тудырды. Жағдайдың одан әрі дамуы зардап шеккен елдер тарапынан жасалған жауап шараларына және сауда шиеленістерін жеңілдетуге бағытталған ықтимал келіссөздерге байланысты болады.

Қазақстанда не күтіледі?

Әзірге Вашингтонның Мексикаға, Канадаға және әсіресе Қытайға қарсы сауда шектеулері ҚР экономикасына елеулі қатер төндірмейді, деп санайды Арсен Темірбаев. Алайда, сауда қақтығысы одан әрі қалай дамитыны белгісіз.

"Мұның бәрі қазіргі шектеулердің Америка мен Қытайдың барлық сауда салаларына әсер ететін толыққанды қарама-қайшылыққа айналуына байланысты. Егер жаңа тарифтер ҚХР-ның негізгі экспорттық салаларына соққы берсе, бұл біздің экспорттың негізгі баптары – көмірсутектер мен металдарға сұраныс пен бағаны төмендетуі мүмкін". Арсен Темірбаев

Екінші жағынан, Қазақстан-Қытай экономикалық ынтымақтастығының жаңа перспективалары ашылуда. Егер АҚШ пен ҚХР арасындағы текетірес күшейе түссе, онда Бейжің шығындардың орнын толтыруға тырысып, өз инвестициялары үшін жаңа векторларды іздейді және біздің қарым-қатынасымыздың деңгейі тек күшейе түседі, дейді сарапшы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: