АҚШ-та Мексика, Канада және Қытай тауарларына баж салығы өседі

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, доллар, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2025 10:56 Фото: Zakon.kz
Трамп тариф соғысына кірісті. АҚШ бүгіннен бастап Мексика мен Канададан келетін тауарларға 25%, ал Қытай өнімдеріне қосымша он пайыз баж салығын салады.

Трамп бұл тарифтер есірткі санатындағы фентанилдің АҚШ-қа осы елдерден тасымалданып жатқанына байланысты енгізгенін айтады. Ақ үй басшысы баж салығын өсіруді бір айға шегерген еді. Бірақ бұл аралықта екі көрші ел де заңсыз есірткі тасымалына қарсы нақты әрекет жасамаса керек, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал Қытай тауарларына өткен айда он пайыз тариф енгізген Трамп бұл жолы оны тағы он пайызға көтерді. Үш ел де бұған дейін қарымта жауап болатынын мәлімдеген. Бірақ АҚШ Президенті олардың әрекетіне байланысты тағы да тарифті өсіруге әзір екенін ашық айтып отыр.

"Менің ойымша, олар тым көп қарсылық көрсетпейді. АҚШ-ты 40 жыл бойы пайдаланып келді. Маған дейінгі президенттер сауда мәселесінде нашар болды, көп есе жіберді. Енді мұндайға жол берілмейді." Дональд Трамп, АҚШ президенті
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: