Трамп Қытай тауарларына қосымша 50% тариф енгізетінін ескертті

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2025 12:16 Фото: flickr/Gage Skidmore
Дональд Трамп Бейжің, АҚШ тауарларына 34% баж салығын салатын райынан қайтпаса, қытай тауарларына 50% қосымша тариф енгізетінін мәлімдеді.

Қытай жексенбі күні Трамптың өткен аптадағы шешіміне қарымта ретінде, америкалық өнімдерге де 34 пайыз салық енгізетінін хабарлаған.

Бұған ашуланған Трамп өзінің әлеуметтік желісі арқылы Қытайға ескерту жасады. Тіпті, тариф мәселесі бойынша екі жақты кездесу өткізуден уақытша бас тартатынын да айтты.

Бірақ, Қытай елшілігі АҚШ-ты экономикалық бопсалау жасады деп айыптап, Бейжің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды деп мәлімдеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Егер Трамп өзінің ескертуін жүзеге асырса, Қытайдан келетін тауарларға баж салығы 104%-ға жетпек. Өйткені 50%-дық салық наурызда бекітілген 20%-дық тариф пен өткен аптада жарияланған 34%-дық салықтың үстіне қосымша енгізіледі.

Оның үстіне АҚШ президенті басқа елдермен келіссөздер жүргізу үшін импорттық тарифтерді уақытша тоқтату жоспары жоқ екенін де айтты.

Бұл мәлімдемесі және Қытайға қатысты ұстанымы бірден әлемдік қор нарығына кері әсер етті. Еуропа мен Азияның және АҚШ-тың басты индекстері үшінші күн қатарынан құлдырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: