Неймар жаттығуға жекеменшік тікұшағымен ұшып келді

Globo мәліметінше, форвард клуб базасына Мангаратибада (Рио-де-Жанейро штаты) орналасқан сарайынан ұшып келген.
Футболшы Сантусқа отбасымен бірге көшіп келгенше осылай амалдай тұруға ниетті.
Келесі аптада Неймар бай-манаптар тұратын Морро ауданынан үй сатып алмақ.
Неймардың тікұшағы екі ұшқышқа және сегіз жолаушыға арналған. Мангаратибадан Сантус арасы шамамен бір сағатты алады.
Неймардың алғашқы жаттығуы кезінде қатты жаңбыр жауды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ол өзінің туған көгалын сынап көріп, Сан-Паулу штаты чемпионатының ресми матчында алаңға шығуға дайындалды.
Мүмкін, жанкүйерлер оны жақында өз алаңында "Сантос" "Ботафагоны" қабылдаған кезде көріп қалар.
1 ақпанда Неймар "Сантосқа" оралып, аңызға айналған адам - Пеленің 10-шы нөмірін иеленгенін жазған едік.