Қазақстандық футбол жұлдызы Шотландиялық клубта алғашқы жаттығуын өткізді
Сурет: Instagram/heartofmidlothianfc
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Шотландиялық "Хартс" клубына ауысып, алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
7 қаңтарда "Хартс" клубы қазақ футболшысымен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады.
Чесноковтың алғашқы жаттығуларының бейнежазбаларын команда ресми парақшаларында жарияланды.
Видеода Ислам Чесноковтың жаңа командаластарымен бірге дене жаттығуларын орындап, бапкер штабының талаптарына бейімделіп жатқаны көрінеді.
Ислам Чесноков "Хартс" тарихында өнер көрсеткен алғашқы Қазақстан футболшысы ғана емес, сондай-ақ Шотландия чемпионатында ойнайтын ел тарихындағы тұңғыш ойыншы болмақ.
Бұған дейін "Қайрат" құрамасы көшбасшысыз қалуы мүмкін екенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript