Жетпісті алқымдаған мәскеулік әйел күйеуін өлтіру үшін кісі жалдады

Мәскеу прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел жұбайымен ажырасқан және оған мүліктің жартысын бергісі келмеген. Ол бірге алынған барлық нәрсені мұра ретінде бекіту үшін күйеуін өлтіруге бел буып, кісі тапқан. Тергеу мәліметтері бойынша, 2024 жылдың 25 желтоқсанында ол жеке детективтік агенттікке жүгінді.
Тапсырыс беруші "у беру" арқылы өмірлік серігін өлтіруді талап еткен. Жалданған "өлтіруші" бірден құқық қорғау органдарына жүгініп, болған оқиғаның мән-жайын баяндап берген. Әрі қарай, детектив агенті "жедел эксперимент" жедел-іздестіру іс-шарасы аясында әрекет етіп, күдіктімен кездескен. Әйел оған бұл еңбегі үшін 5 миллион рубль төлеуге дайын екендігін айтқан. Осылайша олар тағы бірнеше мәрте телефон қоңыраулары арқылы байланысып, істі егжей-тегжейлі жоспарлады. Бұл ретте, әйел аванс ретінде агенттің банктік картасына 1 миллион рубль аударды
2025 жылдың 10 ақпанында тапсырыс беруші агенттен күйеуінің өлгені жайлы ақпарат алып, оған қалған ақшаны берген. Мәскеу тергеушілері мен құқық қорғау органдарының жедел қызметкерлерінің сауатты жоспарланған бірлескен іс-шараларының арқасында өлімге жол берілмеді және тапсырыс беруші ұсталды. Енді онымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.
Бұған дейін Бішкектегі Ұлттық кардиология орталығынан өрт шығып, екі науқастың қаза тапқандығы хабарланған болатын.