Американдық әйел 12 жасар қызын өлтіру үшін үйін қасақана өртеп жіберген

Жаға ұстатар оқиға АҚШ-тың Мичиган штатындағы Гранд-Рапидс қаласын дүр сілкіндірді. 46 жастағы әйелге 12 жасар қызын өлтіру үшін үйін қасақана өртеп жіберді деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ABC News дерегінше, қыз тілсіз жаудың құрсауында қалып, тірідей жанып кеткен. Белгілі болғандай, айыпталушының үш баласы бар. 7 және 10 жастағы екі бала қызыл жалын арасынан сытылып шыққан. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйдің ішінен көмек сұрап айқайлаған дауыстарды естіген.
Полиция безбүйрек ананың өртті алдын ала жоспарлағанын анықтады. Ол өрт қоймай тұрып, үйдегі түтін детекторларын алып тастап, үйдің ішіне жанғыш сұйықтық төккен.
Прокурор Крис Беккер әрекеттің себебі әйелдің психикалық бұзылысы болуы мүмкін деп болжайды.
Бұған дейін Каспий теңізінің үстінде Дубай-Мәскеу бағытындағы жолаушылар ұшағы апаттық белгі бергендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript