Каспий теңізінің үстінде Дубай-Мәскеу бағытындағы жолаушылар ұшағы апаттық белгі берді
![Жолаушылар ұшағы, Каспий теңізі, Дубай-Мәскеу, рейсі, апаттық белгі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2025 20:31](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2025-01-29/file-40913fa6-7d8d-47d2-b890-4a2e706ac3b4/400x225.webp)
Дубайдан Мәскеуге бағыт алған Boeing 737 жолаушылар ұшағы Каспий теңізінің үстінде апаттық белгі берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірқатар БАҚ-тың мәліметінше, ұшақ биіктігін жоғалта бастаған, бірақ ұшуын жалғастыруда.
ТАСС Boeing 737 жолаушылар ұшағы Каспий теңізі үстінен ұшып бара жатқанда шамамен 20 минут бұрын General emergency кодын (жалпы дабыл белгісі) қосқанын атап көрсетеді.
"Ұшақ Астрахань әуежайына аман-есен қонды. Зардап шеккендер жоқ", деп басылымның авиациялық қызметтегі дерек көзі мәлімет берген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз