Ирландия теңізінің үстінде ұшақ апат дабылын берді

Самолет, самолеты, аэропорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2026 19:16 Фото: unsplash
Ирландияға бағыт алған British Airways әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Ирландия теңізінің үстінде апат дабылын беріп, әуеде бағытын өзгертуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Paddle Your Own Kanoo (PYOK) порталы жазды.

Ұшақ 2026 жылғы 5 қазанда Ұлыбританиядан ұшып шығып, шамамен 10,9 мың метр биіктікке көтерілген. Алайда ұшу кезінде әуе кемесінің салонында қысым төмендеп, разгерметизация болған. Жолаушылар оттегі маскаларын пайдалануға мәжбүр болғаннан кейін экипаж шұғыл түрде төмендей бастаған. Boeing 777 ұшағы биіктігін жылдам төмендетіп, шамамен 2,7 мың метрге түскен.

Осыдан кейін ұшақ біраз уақыт Ұлыбритания аумағы маңында ұшып, кейін Лондондағы Хитроу әуежайына аман-есен қонған.

British Airways әуе компаниясы ұшақ қонғаннан кейін жолаушылардың әуе кемесінен әдеттегі тәртіппен шыққанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: