Қазақстан аспанында 173 жолағы бар ұшақ апат дабылын іске қосты

Самолет, самолеты, аэропорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 20:08 Фото: unsplash
Новосібірден Махачкалаға ұшып бара жатқан ресейлік S7 әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Қазақстан аспанында апат дабылын берді. Экипаждың әрекетінің арқасында әуе кемесі Омбы қаласына сәтті қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лента.ру" басылымының 2026 жылғы 19 қазандағы мәліметінше, Новосібірден Махачкалаға бағыт алған ұшақ бортында 173 жолаушы болған.

Қазір олар әуежайдың стерильді аймағында орналасқан. Техникалық ақауға байланысты экипаж Омбы қаласындағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдаған.

"Рейсті жалғастыру үшін Новосібірден қосалқы ұшақ жіберілді. Оның Омбыға жергілікті уақыт бойынша сағат 16:25-те жетуі күтіледі. Жолаушылар Махачкалаға сапарын қосалқы әуе кемесімен жалғастырады", – деп хабарлады S7 баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: