Қазақстан аспанында апат дабылын берген S7 ұшағы неліктен Омбыға қонды

Самолет, самолеты, аэропорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2026 13:24 Фото: unsplash
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев 2026 жылғы 20 қазанда Астанада өтіп жатқан Aviation Security Week іс-шарасы аясында Қазақстан аспанында апат дабылын берген S7 әуе компаниясының ұшағы неліктен Көкшетауға емес, Омбыға шұғыл қонғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, төтенше жағдайға ұшақ қозғалтқыштарының біріндегі техникалық ақау себеп болған.

"Нұсқаулықтар мен стандарттарға сәйкес, ұшқыштар төтенше жағдай жариялаған. Содан кейін, қателеспесем, Омбыдағы қосалқы әуеайлаққа бағыт алып, аман-есен қонған", – деді Талғат Ластаев.

Журналистер экипаждың неліктен жақынырақ орналасқан Көкшетауға емес, Омбыға қонуды шешкенін сұрады.

"Мұндай жағдайда шешімді әуе кемесінің командирі қабылдайды. Оған көптеген фактор әсер етеді", – деп жауап берді вице-министр.

Оның түсіндіруінше, әуе компаниялары өздерінің техникалық базасы бар әуеайлаққа қонуға тырысады. Өйткені онда тиісті аттестаттаудан өткен инженерлер бірден жұмысқа кірісе алады.

2026 жылғы 3 мамырда да осыған ұқсас оқиға болған. Новосібірден Бакуге ұшып бара жатқан S7 әуе компаниясының ұшағы Қазақстан аумағының үстінде кері бұрылып, Омбыға шұғыл қонған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: