Таиландта итті суға лақтырған турист түрмеге түсті

The Thaiger ақпаратынша, оқиға ақпан айының басында Сураттхани провинциясының Самуи қаласында болған.
Сондай-ақ, желіде ер адамның иесіз итті бар күшімен суға лақтырып жатқан бейнесі тарады. Дәрменсіз күшік жағаға шықпақ болған сайын, турист қайта лақтырып отырған.
Желі қолданушылары ел билігінен қылмыскерді іздеп оны жауапқа тартуды талап етті. Даулы бейнеден кейін ер адам тұтқындалып, камера алдында кешірім сұрады. Бұл ретте ол, мұндай әрекетке күшікке жабысып алған кенелерді алып тастау үшін барғанын айтты.
Шабуылдаушының Бирмалық турист екені анықталды. Ол ұсталып, сотқа берілді, онда шетелдікке 15 күн қамаққа алу жазасы тағайындалды. Таиландтың иммиграциялық бюросы ер адамның визасын жойып, мерзімін өтегеннен кейін туристі Отанына жер аударады.
Man in Thailand throws dog into sea, sued for cruelty
— MustShareNews (@MustShareNews) February 10, 2025
He has since apologised, admitting his actions were wrong.
Read more here: https://t.co/CDtY900maL pic.twitter.com/IKL534LKza
Бұған дейін жетпісті алқымдаған мәскеулік әйелдің күйеуін өлтіру үшін кісі жалдағаны хабарланған болатын.