Макрон саммиттен кейін Трамппен және Зеленскиймен сөйлесті

Ол өзінің Х парақшасында кейбір мәліметтермен бөлісті.
After bringing together several European leaders, I have just spoken with President @realDonaldTrump and then with President @ZelenskyyUa.
— Emmanuel Macron (@EmmanuelMacron) February 17, 2025
We seek a strong and lasting peace in Ukraine. To achieve this, Russia must end its aggression, and this must be accompanied by strong…
"Біз Украинадағы берік және ұзақ мерзімді бейбітшілікке ұмтыламыз. Ол үшін Ресей өз әрекеттерін тоқтатуы керек және бұл украиндар үшін күшті және сенімді қауіпсіздік кепілдіктерімен бірге жүруі керек. Әйтпесе, бұл атысты тоқтату Минск келісімдері сияқты аяқталады деген қауіп бар". Эммануэль Макрон
Оның айтуынша, еуропалықтар өздерінің қауіпсіздігі мен қорғанысына көбірек инвестиция салуы керек.
Бұған дейін Владимир Зеленский өзінің Telegram арнасында Макронмен сөйлескені туралы айтқан болатын.
"Біз жаһандық жағдай, Еуропадағы жағдай және Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктері туралы сөйлестік. Бізде ортақ көзқарас бар: қауіпсіздіктің сенімді, күшті кепілдіктері болуы керек", – деп жазды Зеленский.
Еске салсақ, Франция президенті Эммануэль Макрон 17 ақпанда Парижде еуропалық көшбасшылардың кездесуін өткізді. Онда Украинадағы жағдай жайлы талқыланды. Ал, Зеленский Сауд Арабиясындағы ресми іс-сапарын аяқтап, 18 ақпанға қараған түні Түркияға жұмыс сапарымен келді.